Қызылорда облысында жасы жүзден асқан 22 қария тұрады

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Наурыздың 6-сы күні мәреге жеткен Ұлттық халық санағының қорытындылары шығарылып жатыр. Оның алғашқы нәтижесі Қызылорда облысында жастары 100-ден асқан 22 азамат тұрып жатқанын көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жүз жасаған жандардың арасында әйелдердің үлес салмағы басым. Айталық, 22-нің 20-сы әйел де, тек 2-уі ғана ер кісілер болып отыр. Ал Қызылорданың ең қарт тұрғыны 109 жастағы Қалия Үмбетова Сырдария ауданының Аманкелді ауылында тұрады. Ал енді Арал ауданы Қаратерең ауылдық округінің тұрғыны 1900 жылы туған Ұлбике Мәмбетова бұл кісінің жасына алдағы күндері толады. Аталған қариялармен үзеңгілес келе жатқан 107 жастағы Тойдық Ахметова Арал ауданының Ақирек ауылдық округінде, Балтагүл Алдабергенова Жаңақорған ауданының Кейден ауылында шөберелерінің қолынан су ішіп отыр. Бұдан әрі жүз жасағандар көшін Қызылорда қаласынан Ұлбала Жәлелова, Қыздарай Аяпова, Қызылгүл Боранбаева, Арал қаласынан Әлпеш Садықова, Айша Піренова, Арал ауданындағы Қаратерең ауылдық округінен Қайыпназар Байбосынов, Райым ауылдық округінен Маржан Бисекеева, Сексеуіл кентінен Қожабике Ерімбетова, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен Ақілгек Жәлімбетова, Мүкарам Омарова, Аранды ауылдық округінен Жәния Бәйімбет, Іңкәр Мүйкен, Шиелі ауданындағы Ортақшыл ауылдық округінен Нұргүл Назарова, Бәйгеқұм ауылдық округінен Мәрия Шәріпова, Жаңақорған ауданындағы Сүттіқұдық ауылдық округінен Қызайша Қарабалаева, Қандөз ауылдық округінен Зәуре Әлсейітова, Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінен Жарылқасын Бәйменов жалғайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум