16:51, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Көлік және коммуникация министрі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің салыну барысымен танысты
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының Қармақшы,
Жаңақорған және Арал аудандары аумағында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Министр осы сапарда сондай-ақ Қызылорда қаласындағы теміржол өткеліндегі көпір құрылысы барысын көрді. Үлкен сыйымдылықтағы жүк көлігіне арналған бұл көпірді бас мердігер «Бушра» ЖШС салуда. Құрылыстың бірінші кезеңі өткен жылдың қазан айынан басталған. Серіктестік директоры Зия Метиннің айтуынша, бұл жұмыстар келесі айда бітеді.
Ә.Құсайынов аспалы көпір құрылысын салушы мердігердің жұмысын оң бағалап, оларға тиісті тапсырмалар берді.