08:22, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері 21 балабақша ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жыл басынан бері 21 балалар бақшасы қатарға қосылды. Жылдың алғашқы жартысында 570 орындық 12 балабақша пайдалануға берілсе, шілде айының ішінде 330 орындық 9 жеке балабақша ашылды.

Бұдан бөлек республикалық бюджеттің есебінен - 3, облыстық бюджеттің есебінен 5 балабақшаның құрылыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бұрын жекешеленіп кеткен балалар бақшасының 26-сы кері қайтарылуға жататыны анықталып, осыған орай тиісті жұмыстар атқарылуда.