18:01, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері 498 796 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 498 796 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,7 пайызды құрады.
Оның ішінде тау-кен өндіру және карьерлер қазу өнеркәсібінде 469087 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2009 жылдың сәйкес тиісті кезеңімен салыстырғанда, 100,6 пайызға теңесті. Шикі мұнай өндіру 7407,0 мың тонна болды немесе былтырғы деңгейдің 100,6 пайызы. Өңдеу өнеркәсібінде осы кезеңде 20455 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 124,1 пайызды құрайды. Электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша 2010 жылдың қаңтар-тамызында 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өнімнің нақты көлем индексі 129,1 пайызға жетті.