Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай кенішінде ілеспе газ өңдейтін зауыт іске қосылды

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  телекөпірде Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай кенішінде ілеспе газ өңдейтін зауыт іске қосылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, зауыт «Торғай Петролиум» АҚ тапсырысымен салынған. Бұл жоба Елбасының мұнай компанияларына қойып отырған  экологиялық қатаң талаптардың арқасында жүзеге асырылып отыр. «Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде зауыт жылына 68 мың тонна  сұйытылған газ, конденсат, 105 млн. текше метр құрғақ газ өндіретін болады. Жобаның құны - 92 млн. АҚШ долларын құрайды. Жаңадан 100 жұмыс орны ашылатын болады. Бұған қоса Қызылорда қаласында сұйытылған газды тасымалдайтын теміржол терминалы салынуда. Бұл жобаның құрылысын биылғы жылдың үшінші тоқсанында аяқтау белгіленіп отыр. Осы бүгінгі ашқалы тұрған зауытта өндірілетін сұйытылған газ толықтай сол терминал арқылы тасымалданатын болады», деді әкім.

Оның айтуынша,  Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында белгіленген 42 жобаның бүгінгі күнге 16-сы жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар