13:14, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысынды бірінші жартыжылдықта 26,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылы 26,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Осы ақыт аралығында 126,6 мың шаршы метрлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Бұлардың арасында тұрғын үйлердің үлес салмағы басым. Ол 75,3 мың шаршы метрді құрайды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның елеулі бөлігі тұрғын үй салуға жұмсалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артықтықты білдіреді.