Қызылорда облысының әкімі 100 білім грантын бөледі

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі ағымдағы жылы мектеп бітірген түлектерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алу үшін 100 грант бөледі. Бұл туралы ЖОО қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жазира Жылқышиева мәлім етті, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрінің баспасөз қызметінен.
None
None

Оның атап өтуінше, грантта студенттің білім алуымен қатар тамағы мен көлік шығыстары да қарастырылған. Грантты бірінші кезекте мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер және оралмандар ала алады. Қазіргі уақытта университетте аталған талаптарға сай келетін үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталған.

Соңғы жаңалықтар