Қызылорда облысының әкімі Байқоңырдың апат аумағында зерттеулерді жалғастыра беруді талап етті

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон» зымыран-тасығышының құлауынан болған зардаптарды жоюға бағытталған жұмыстардың жайы талқыланды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңесте ресейліктер тарапынан зымыран тасығыш құлаған жерде үш химиялық бекет құрылғаны айтылды. Бұлардан бөлек, екі жедел топ жұмыс істеуде. Бұлардың біріншісі апаттың себебін анықтауға күш салса. Екіншісі оның зардаптарын жоюға атсалысады.

Ресей жағы апат болған жердегі топырақты сүзгіден өткізіп, тазарту жөнінде атқарылатын жұмыстардың есебін дайындап қойды. Топырақты детоксикациядан өткізудің барлық кезеңінде кезекшілік атқаратын медициналық бекет пен өңдеуді жүргізетін медициналық персонал анықталды.

Қазақстанда да апаттың зардаптарын жою жөнінде жедел штабтар құрылды. Ал экологиялық қызмет мамандары топырақтағы, ауадағы және судағы улы заттар құрамына зерттеулер жүргізді. Олардың қорытындылары бойынша артық мөлшердегі улы заттар байқалған жоқ.

Облыс әкімі жиынды қорытындылай келіп, зерттеуді бұдан әрі жалғастыра беруді талап етті. «Адамдар денсаулығы - бәрінен қымбат», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум