Қызылорда облысының әкімі соғыс ардагерінде қонақта болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Жеңіс күні мерекесі қарсаңында облыс орталығының тұрғыны, соғыс ардагері Қожахмет Бектанның отбасында болды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Дастархан басындағы емен-жарқын әңгіме барысында ардагер сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктермен бөлісті. 20 жасында майданға аттанған жауынгер Украина, Венгрияны азат етуге атсалысты. Соғыстан 1946 жылы елге оралған ол, 4-5 жыл ауылшаруашылық саласында жұмыс істеді. Кейін Ташкенттегі Ауыл шаруашылығы институтын бітірген жас маман Сырдария ауданында ұзақ жылдар агроном болып қызмет істеді. Бүгінде Қ.Бектан жұбайы Шәкида екеуі ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, 23 немере, 8 шөбере сүйіп отырған ұлағатты отбасы.
Ардагер отбасына келген облыс әкіміне алғысын айтты. Өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға байланысты қолға алып жатқан қадамдарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде аймақ басшысы тәуелсіз еліміздің тұғырының берік болуына соғыс ардагерлерінің қосқан ерекше үлесін атап өтті. Қарияларға денсаулық тілеп, сый-сияпаттарды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар