14:37, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылорда облысының егіншілері биылғы жылы да 77 мың гектар жерге күріш егеді
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының егіншілері биылғы жылы да 77 мың гектар жерге күріш дақылын егеді.
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл облыста былтыр себілген күріштік алқаптың көлеміне сайма-сай келеді. Бұрынғысынша Сырдария және Жалағаш аудандары бұл көшті бастайды. Бұл аудандарда 18 мың гектар шамасындағы алқаптарға Сыр елінің басты дақылы орналастырылады. Бұлардан басқа аймақта 1200 гектар танап бидайға арналып отыр. Сол сияқты 850 гектарға арпа, 660 гектарға тары, 236 гектарға күнбағыс егіледі. Бақшалық жерлер 8 000 гектар алқапты алса, картоп пен көкөніс тиісінше 7,7 мың және 6,1 мың гектар жерге жайласады. Тұтастай алғанда, облыста ауыл шаруашылық дақылдары 162 мың гектар жерге себіледі.