Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс активіне ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

А.Қайруллаев 1981 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлу төбе ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы университетін - журналист, 2008 жылы осы оқу орынанда - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының редакторы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы, көмекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдердің басшылары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

«Айдын Бөкенбайұлының ішкі саясат саласындағы тәжірибесі мол. Сондықтан бұл саланың жұмысын жүйелі ұйымдастырады деп сенемін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Ерлан Бәкіров пен бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі Ғабит Жаңабаев облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар