Қызылорда облысының Кеден департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Арал ауданында баспасөз-тур өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысының кеден депар­таменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Арал ауданында баспасөз-тур өткізді.
None
None

Журналистерге хабарлама жасаған департа­мент­тің баспасөз қызметінің бас маманы Бақыт Ор­данова кеден саласының тарихына, жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Кеден қызметінің іргесі облы­ста 1992 жылы қаланған. Әдепкіде Шымкент кеденіне қараған «Қызылорда кеден бекетінде» небәрі 6 қызметкер жұмыс істеген болатын. Қазіргі таңда құрамында 6 бекеті, 4 басқармасы, көптеген бөлімдері бар салада 192 адам еңбек етеді. Бүгінде материалдық-техникалық базасын күшейтуде. Шетелдік инвесторлардың келуімен кедендік бақылау департаментінің жұмыс ауқымы да ұлғайды. Жүк тасымалдау көбейіп, кеден төлемдері, салықтарының мөлшері өскен. Өткен жылмен салыстырғанда үстіміздегі жартыжылдықта сыртқы сауда айналымында өсу динамикасы байқалады. Алғашқы жартыжылдықта сыртқы сауда айналымы 544 млн. 621 мың АҚШ долларын құрап отыр. Бұған импорт, экспорт көлемінің артуы әсерін тігізуде.

Соңғы жаңалықтар