Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Батырхан Зиятов Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды, дер хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменіне сілтеме жасап.
None
None

Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Мұрат Дарманқұлов таныстырды.

Батырхан Зиятов 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысында туған. 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

1997-2003 жылдары Үшарал, Аягөз гарнизондарындағы әскери бөлімдерде әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген.

2003-2006 жылдары Ақмола облысының жергілікті әскери басқару органдарында бөлім бастығының көмекшісі - жиын пунктінің бастығы, Әскери комиссардың орынбасары - Ақмола облысы Көкшетау қалалық әскери комиссариаты жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, Щучье қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы лауазымдарында болған.

2006-2016 жылдары Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде басқарма бастығының орынбасары - жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, Жұмылдыру басқармасы жұмылдыру бөлімінің бастығы, Департамент бастығының бірінші орынбасары - жұмылдыру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.

Соңғы жаңалықтар