Қызылорда облысының шаруашылықтарында астық жинау науқаны аяқталып келеді

Өткен жылы гектарына 16,4 центнерден айналған болатын. Сондай-ақ келесі жылға 810 тонна тұқым құйылды. Өңірімізде күздік бидай оңтүстіктегі екі ауданда ғана егіледі. Жаздық бидайдың әр гектарынан жаңақорғандықтар 11,3 центнерден өнім келтірсе, төменгі өнім гектарына 4 центнерден - Қармақшы ауданының еншісінде. Өткен жылы 3,3 центнерден өнім алған қазалылықтар биыл 8,9 центнерге қол жеткізіп отыр. Жалағаш, Сырдария аудандарының өнімі де былтырғы жылдан едәуір төмен.
Облыс бойынша жаздық бидайдан жиналған жалпы өнім 870 тоннаны құрайды. Арпа өнімі биыл облыс бойынша Жаңақорған, Қазалы аудандарында егілді. Одан 420 тонна астық жиналды.
Бүгінгі күнге облыста ерте көкөніс, бақша дақылдарының өнімін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Егілген 6353 гектар көкөністің 300 гектары жиналып, одан 3,6 мың тонна өнім алынса, 8079 гектар бақша дақылының 700 гектарынан 10 мың тонна өнім алынды. Егін жинау науқаны жалғасуда.