Қызылорда облысының төрт кәсіпкері 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттарға ие болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде төрт кәсіпкер 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттарға ие болды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қайтарымсыз гранттарға ие болғандар қатарында «ҚазТерра» геодезиялық компаниясы, жеке кәсіпкерлер Сәбит Божбанов, Біржан Райымбеков және Нұртасбек Пармышевтар бар», - делінген хабарламада.

«ҚазТерра» геодезиялық компаниясы» ЖШС алған қаражатқа «Коворкинг орталығын» ашуға шешім қабылдап отыр. Бұл - қазіргі күндері Батыста кең етек алған, алайда,Қызылорда үшін мүлдем жаңа пішіндегі мекеме. Ал кәсіпкер Сәбит Божбанов қайтарымсыз ақшаның есебінен ландшафттық дизайн жасауға қажетті материалдарды алмақшы. Оның бұл мақсатта жұмыс жасайтын бірнеше нақтылы жобалары да бар. Сол сияқты Біржан Райымбеков полистральды пенопласт шығаратын өндіріс орнын ашуды межелеуде. Жеке кәсіпкер Нұртасбек Пармышевтің жобасы да осыған ұқсас құрылыс материалдарын даярлаумен байланысты болмақ.

Соңғы жаңалықтар