Қызылорда полицейлері есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырды
М.Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжінде «Жастар - нашақорлыққа қарсы!» ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оның барысында спорттық сайыстар, флеш-моб қойылымдар, тақырыптық концерттік бағдарлама көрсетілді.
Қазақ гуманитарлық заң-техникалық колледжінің студенттері арасында есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды. Акция барысында, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, діни және медицина саласының уәкілдері, студенттер аталмыш мәселе жайлы өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара тақырыптық ән-күй, рэп-әндер, театрлық қойылымдар мен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ағымдағы жылдың басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері осындай 115 іс-шара ұйымдастырып, оларға 5500 адам қатысты.