Қызылорда прокуратурасы Сырдария ауданында заңсыз жүрген 69 шетелдік азаматты анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария аудандық прокуратурасының қызметкерлері аймақта заңсыз жүрген 69 шетел азаматын анықтап, мұндай жолсыздыққа жол берген тиісті органдар қызметкерлерінің тиісті жазаларын алуларына ықпал етті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, Қызылорда-Жезқазған тас жолының 40 шақырымында Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры құрылысын салып жатқан «НГСК КазСтройСервис» АҚ құрамындағы Түркияның 27 азаматы мен Ұлыбританияның 6 азаматы мұнда заңсыз жұмыс істеп жүрген болып шықты. Бұдан бөлек, Үндістанның 3 азаматы облыстық ішкі істер органдарына уақтылы тіркелмеген.

Еске сала кетейік, аудандық прокуратураның 2012 жылғы 19 қарашадағы облыстық ішкі істер департаментіне енгізген ұсынысымен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз шетел азаматтарын жұмысқа тартқан жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шара қолданбаған аудандық бөлімнің көші-қон полициясы тобының инспекторлары Б.Шахмұратов пен А.Сарыбаев жұмыстан шығарылған болатын.

Дегенмен, аталған ұсыныста көрсетілген талаптар және қызметкерлерге қолданылған шаралар бөлімде тиісті дәрежеде қолға алынбағаны байқалды. Нақтыласақ, адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылықтан босатылатынын ескерсек, бөлім жоғарыда аталған Түркия, Ұлыбритания және Үндістан азаматтарының еңбектерін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз пайдаланғанын анықтап, әкімшілік іс қозғауы тиіс еді. Сол сияқты аталған шетелдік азаматтардың Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін де шара қолданбаған.

Сондықтан аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері А.Жәкеев ескерту, Н.Қадыров сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларға тартылды.

Соңғы жаңалықтар