Қызылорда соты несиені қайтарудан жалтарған борышкердің ісін қарады

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Анар Саршаева департаментке қарасты №2 Қызылорда аумақтық бөлімі борышкер Әмірбек Ахметовтен банк пайдасына қаражат өндіру туралы атқару құжатын қарады,
None
None

деп хабарлады.

Сөз болып отырған Қызылорда қаласының тұрғыны борышкер Әмірбек Ахметов «ВалютТранзитБанктен» қомақты қаражат алып, өз игілігіне жұмсаған. Бірақ ойында жүрген жұмыстарын бітіріп алғаннан кейін банк алдындағы қарызын өтеуге асықпайды. Тіпті осыған байланысты сот шешімімен белгіленген қаржы көлемін де өтемейді.

Бұдан кейін іске сот орындаушылары араласты. Олардың тынымсыз іздестіру әрекетінің нәтижесінде жауапсыз борышкердің қызмет атқарып жүрген мекемесінің мекен-жайы туралы мағлұмат жиналды. Сот орындаушылар анықталған мекеменің тікелей басшысына шығып, қызметкері Ахметов Әмірбектің заңсыз әрекеттерін құлағдар етті. Осыдан соң борышкер өз ісін толықтай мойындады.

Нәтижесінде Ахметов Әмірбектің ай сайынғы жалақысынан 50 пайыз ұсталып, 235 432 мың теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум