15:44, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылорда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қан тапсыру шарасын өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үш жылдан бері Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері қан тапсыру арнайы шарасын өткізіп келеді,

деп хабарлады департамент баспасөз қызметі.
Биыл бұл шара үш күнге созылып, «Бір тамшы қан беру - көпшіліктің денсаулығы» ұранымен өтті. Акцияның жайы ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелері және ведомство бөлімдері басшыларымен өткен кезекті жұмыс кеңесінде талқыланды. Осыған сәйкес қызметкерлермен әңгіме жүргізіліп, олардың басым көпшілігі ұсынысты қолдады. Құтқарушылар қоғамның әрбір мүшесі денсаулығына кері әсері болмаса, қан тапсыруға міндетті деп есептейді.
ТЖД қызметкерлері медициналық тексерулерден өтіп, қан берді. Тапсырылған қан Қызылорда облысындағы қан тарату орталығына тапсырылды.