Қызылордада 3 күнде шетел азаматтарымен жасалған 700-ден астам құқық бұзушылықтар анықталды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2 күні аралығында облыс көлемінде «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
None
None

Іс-шараның тек 3 күнінде, яғни қыркүйектің 28-і мен 30-ы күндері аралығында облыс көлемінде шетел азаматтармен жасалған 754 құқық бұзушылық анықталып, елден тыс жерлерге 59 шетел азаматы шығарылып, жеке басын анықтау үшін қабылдау тарату орнына 28 азаматтар қамалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан және ҚР-да болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 62 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны үшін Өзбекстан Республикасының 9 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393-бабымен сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар