Қызылордада 50 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Астана» шағынауданында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы халықты баспанамен қамтамасыз ету бағыты бойынша 50 пәтерлі ипотекалық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
None
None

Баспана қуанышына ие болып жатқан салымшыларға пәтер кілттерін қала әкімінің орынбасары М. Тілеуімбетов табыс етті.

Пәтерге ие болған тұрғындардың бірі Қанат Шәкенов 2007 жылдан бері «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкіне» салымшы болу арқылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пәтерге қол жеткізіп отырғандығын қуанышпен жеткізе отырып, мұның барлығы Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі екендігін айтты.

Жалпы биыл қалада жыл соңына дейін 7 арендалық, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 3, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 3, 5 ипотекалық, барлығы 18 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде қалада 790 отбасы жаңа пәтерлерге ие болады.

Соңғы жаңалықтар