Қызылордада 54 жастаға жігіт ағасы героинмен қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада 54 жастағы қала тұрғыны героин алып бара жатқан жерінен қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны «Са­ма­ра-Шымкент» тасжолы бойын­да ұстады. Күдіктіні тексеру бары­сында күрте­сінің қалтасынан темекі фольгасымен қапталған ұнтақ алынды. Артынша сараптама нәтижесі оның салмағы 1,79 грамм героин екенін анықтады.

Облыстық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің инспекторы Тимур Махамбетов есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының биылғы жылдың алғашқы тоқсанында заңсыз айналымнан 12 келіге жуық есірткі заттарын алғанын, олардың 619 грамын героин құрағанын айтады. Осымен жыл басынан бері облыста есірткімен байланысты 27-ші дерек кезігіп отыр.

Соңғы жаңалықтар