Қызылордада «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының өкілдері жастармен кездесті

ЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының өкілдері студент жастармен кездесу өткізді.
None
None

Кездесуді ашқан филиал төрағасы Алмас Төртаев жиналғандар алдында партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары жайлы айтып берді. Сондай-ақ жүздесу барысында партия мүшелері, «Раим» ЖШС директоры Ерлан Райымов, қызылордалық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Мырзағали Ермаханов және басқалар ұйымның тәжірибесі және кәсіпкерлікті жүргізудің сырлары жөнінде жастармен ой бөлісті. Студент жастар осы орайда өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың барлығына дерлік партия өкілдерінен толыққанды жауаптар алды.

Соңғы жаңалықтар