12:10, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылордада «Әкем, шешем және мен - оқығышпыз ежелден» атты конкурс болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада жылдағы дәстүрге сай «Әкем, шешем және мен - оқығышпыз ежелден» атты конкурс болып өтті.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды. Оған қатысқан отбасылар мүшелері кітап насихаттау, әдеби сұрақтар, шығармалар құрастыру сияқты сынақтардан өтті. Нәтижесінде А.Тен жанұясы бірінші орынды жеңіп алды.