Қызылордада ақын Жұбан Молдағалиевке арналған әдеби кеш өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында халқын қалтқысыз сүйген, ұлтының шынайы сүйіспеншілігіне бөленген ұлы жүректі азамат, көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жомарт жүректің жалыны» атты әдеби кеш өтті.
None
None

Бүгінде ерлік, қарсылық, күш- қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрып" өзінің қазақ екенін жан даусымен қуана, шаттана жеткізе білген, заңғар азаматын қазақ жастары мақтанышпен еске алады. Жұбан ақынға арналған әдеби кеш те осының айғағы.

Кешке жоғары оқу орындары студенттері мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының мүшелері қатысты. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенті Нұрсұлтан Байменов, Қызылорда экономика және құқық колледжінің студенті Гүлзат Айтбаева ақын рухына арнап өз өлең шумақтарын оқыды.

Әдеби кештің құрметті қонағы ретінде филология ғылымдарының кандидаты Мансұр Қаржауов, Қызылорда Гуманитарлық универстиетінің оқытушысы Сәуле Алтынбекова, Қызылорда облыстық Жастар мәслихатының депутаты Талант Сағынаев шақырылды. Кеш барысында келген қонақтар ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгімеледі, Қызылорда Гуманитарлық универстиетінің оқытушысы Сәуле Алтынбекова ақын шығармашылығы жайында баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар