Қызылордада алдағы жылы керамикалық кірпіш зауыты іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үсті­міздегі жыл­дың қараша айындағы Индус­трия­лан­дыру картасын өзек­тендіру жұмыс­тары нәтижесінде Қызылорда облысында Индус­трия­ландыру картасына жалпы құны 4,8 млрд. теңге құрайтын 2 жоба енгізілді. Оның бірі - «Максима логистикс» ЖШС-ның керамикалық кір­піш шы­ғару жобасы.
None
None

Бұл жобаның құны - 300 млн. теңге. Жоба алдағы 2015 жылы іске қо­сылады деп кү­тілуде. Керамикалық кірпіш зауыты іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашы­лады. Бұл туралы облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Келесісі - «Қызылорда шағын тон­наж­ды мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытын кеңейту жо­ба­сы. Оның жалпы құны 4,5 млрд. тең­гені құрайды. Жоба толық қуатына шыққанда жаңадан 386 жұмыс орны ашылады. Аталған жоба да келер жылы іске қосылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның Индустрияландыру кар­тасы аясын­да аймағымызда жалпы құны 189,8 млрд. теңге құрайтын 26 жоба іске асырылып жатыр. Жобаларды жү­зе­ге асыру ба­рысында, яғни құ­рылыс кезінде уақытша 3186 жұмыс орны ашылады. Ал, жобалар тоық қуатына көшкен кез­де барлығы 3054 жұмыс жаңа орны ашылмақшы. Оның ішінде Өңірлік кар­тада құны 137,7 млрд теңге құрайтын 25 жоба бар», - дейді М. Имандосов.

Соңғы жаңалықтар