Қызылордада «Әлемге нұр шашқан Астана» атты мерекелік шара өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде Астананың 15 жылдығына арналған «Әлемге нұр шашқан Астана» атты мерекелік шара өтті.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш кентте 3-4 шілде күндері мекемелер арасында шағын футболдан турнир өтті. Оған 8 команда қатысты. Нәтижесінде бірінші орынды «Ресмо» ЖШС командасы, екінші орынды №8 өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды ХҚКО иеленді. Жеңімпаздарға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогі және дипломдары, сондай-ақ «ДГУ-Сервис» ЖШС басшылығы атынан ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Ойын соңында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

4 шілде күні сондай-ақ «Астана балалар көзімен» атты балалар арасында сурет байқауы болды. Елордаға арнап өлең, көркем шығарма жазған оқушылардың еңбектері бағаланды. Байқау жеңімпаздарын «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум