19:03, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Қызылордада Астананың туған күніне орай патриоттық әндер конкурсы өтуде
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада Астананың туған күніне орай бүгін кешке патриоттық әндер конкурсы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның бірінші астанасындағы қалалық демалыс саябағында өтіп жатқан бұл байқау "Елім менің" деп аталады. Оған облыстың барлық аудандарынан өнерпаздар қатысуда. Ән жарысында Қазақстанның тәуелсіздігі, атамекен және туған жер, Астана мен Қызылорда қаласы туралы шығармалар орындалуда.
Ал түнге қарай облыс өнерпаздарының мерекелік концерті мен жастардың ән кеші болады.