Қызылордада ауған соғысы батырын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті
Осымен он бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа Шымкент, Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен Қызылорда облысы аудандарынан 29 команда, 290 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысында Қызылорданың «Азамат» және «Шекара» командалары бірінші-екінші орындарды бөліп алды. Үшінші орынды Байқоңырдың «Цэнки» командасы жеңіп алды.
Бірінші орынға 200 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге, үшінші, төртінші орындарға 50 мың теңге берілді.
Жарыста «Үздік қақпашы» аталымы бойынша Ғалымжан Ирманов (Әділет командасы, Қызылорда), «Үздік қорғаушы» Дастан Саркулов (Шекара командасы, Қызылорда), «Үздік шабуылшы» Әлихан Қалиев (Арбэль командасы, Қызылорда), «Ең көп гол соққан» Асан Чукин (Цэнки командасы, Байқоңыр), «Үздік ойыншы» Асқар Бекенов (Азамат командасы, Қызылорда), «Үздік төреші» Алексей Куберский (Қызылорда), «Үздік жанкүйер» Ким Клименти (Қызылорда) марапатталды.