11:15, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылордада ауызсу мен кәріз жүйелерін жаңғырту үшін 2567,2 млн. теңге ақша бөлініп отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы ауызсу мен кәріз жүйелерін жаңғырту үшін биыл республикалық бюджеттен 2567,2 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.
Бұған қосымша осындай жұмыстарға «Жол картасы» бойынша тағы 52,9 млн. теңге бөлініп, оған қазірдің өзінде 3,5 шақырым көлемде ауызсу құбыры тартылды. Сонымен қатар қаланың шет аймақтарында 8,35 шақырымдық ауызсу жүйесі салынып жатыр. Аталмыш нысандардың бәрі жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
Облыс орталығында сондай-ақ республикалық бюджет қаржысы есебінен 29,6 шақырым кәріз жүйелері қайта жаңғыртылуы керек болса, соның 20 шақырымнан астамы қазір толық аяқталды.