Қызылордада әйелін қылғындырып өлтірген қаскөй сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрмыстық зорлық-зомбылық аясында жасалған қылмыстардың
None
None

санатына жататын іс қаралды, деп хабарлады облыс бойынша мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша 1952 жылы туған, денсаулығы бойынша ІІ-топтағы мүгедек болып табылатын  К.Д. 2011-жылдың 27 мамырында бірге тұрып жатқан пәтерде өзінің азаматтық некедегі әйелі Г.Е-ны мас күйінде мойнынан қылғындырып өлтірген. 

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді К.Д. 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар