Қызылордада азық-түлік тауарларын арзан бағаға сататын дүкендер жүйесі қалыптаса бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында азық-түлік тауарларын арзан бағаға сататын дүкендер жүйесін қалыптастыру бағытында пәрменді жұмыстар қолға алынды.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөзбен жұмыс жасайтын қызметі хабарлады.

«Облыс басшысының азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыру мақсатындағы тапсырмасына орай жүзеге асырылған жұмыстар бүгінде өзінің оңды нәтижелерін беруде», делінген басқарма таратқан баспасөз парақшасында. Осының айқын айғағы ретінде жаңа жыл қарсаңында облыс орталығында пайдалануға берілген 3 үш әлеуметтік бағыттағы дүкен мысалға келтіріледі. Олардағы өнімдер қазір базар бағасына қарағанда айтарлықтай төмендетілген бағамен сатылуда.

Бір айта кететін жәйт, осындай жүйелі жүр­гізілген жұмыстар нәтижесінде облыста негізгі деген азық-түлік өнімдерінің бағасы едәуір төмендеп келеді. Бұған негіз де жоқ емес. Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына орай «Алтын қамба» агро­өнеркәсіп комбинаты» ЖШС жанынан сыйымдылығы 3250 тон­налық азық-түлік сақ­тайтын қойма салынып, ол пайдалануға берілді. Бұл тұты­нушыларды маусымаралық кезеңде сапалы әрі арзан өнім­дермен қамтамасыз етуге айтарлықтай септігін тигізді. Осы қолға алынған жұмысты түбегейлі жүзеге асыру мақсатында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамына 751 млн. теңге несиелік қаржы бөлінді. Бүгіндері бұл қаржыға көрші облыстардан қант, өсімдік майы, қарақұмық жармасы, картоп, көкөніс секілді өнімдерден жүздеген тоннасы әкелінді. Осы өнімдерді тұтынушыға ешқандай делдалсыз жеткізу үшін «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпора­циясы» акционерлік қоғамы қаладан 10 құрастырмалы сауда дүкенін ашуды қолға алды. Қазір оның үшеуі қаланың «Шұғыла», «Универсам» және «Сырдария» шағын аудандарынан бой көтерді. Олардың бәрі «Алтын бақ» деп аталатын дүкен жүйесі болып жұмыс жасап тұр. Бұл дүкендердегі тауарлар бағасы базарға қарағанда 10-15 пайыз төмен екені бірден байқалады. .

Бұған дейін облыс басшылығының бизнес құрылымдарымен жасасқан меморандумдары да осы азық-түлік өнімдерінің арзандауына айтарлықтай септігін тигізіп отырғандығын атап айту керек. Осындай келісімге сәйкес қаланы азық-түлікпен көтерме түрде жабдықтаушы «Аль-Асад», «Анвар», «Романов» ЖШС мен «Мирас» сауда үйлерінің тауарлары тұтынушыларға төмен бағамен сатылып жүр.

Соңғы жаңалықтар