Қызылордада «Бала­лық шақ елі» атауымен облыстық байқау өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық балалардың құ­қықтарын қорғау депар­та­мен­тінің ұйымдастыруымен «Бала­лық шақ елі» атауымен суреттер мен қолданбалы сәндік өнерінің облыстық байқауы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін аймақтағы оқушылар ара­сында қалалық, аудандық ірік­теу турлары өткізіліп, онда жақ­сы бағаланған дүниелер осы байқауға жолдама алған еді.

Байқау талаптарына сәйкес балалар анимациялық фильм­дердің сюжеттерін, ертегілерді, жеке шығармашылығын, мақал-мәтелдерді қолдану арқылы талапқа сай композиция құ­рауы, қолданбалы сәндік өнер бойынша былғарыдан, ағаштан, бисерден, табиғи заттардан, әйнектен, матадан көркем ком­позициялық туынды жасауы керек. Олардың қолынан шық­қан әр еңбектің мазмұны адам­гершілік пен қайырымдылықты, имандылық пен жылылықты, туыстық пен достықты білдіріп тұруы шарт.

Байқау нәтижесінде қол­данбалы сәндік өнер туындылары бойынша Сырдария ауда­нын­дағы №135 мектептің оқушысы Жанұзақ Темірбековтың, сурет өнері бойынша Жалағаштан Мейрамбек Қитановтың мерейі үстем болды.

Соңғы жаңалықтар