Қызылордада балабақшалар көбейіп келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында мектепке дейінгі 26 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.
None
None
Оның ішінде 12-сі мемлекеттік меншікте болса, қалғаны жеке балабақшалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазір аталған орындарда 1-6 жас аралығындағы 3323 жеткіншек қамтылған. Бұл қаладағы балдырғандардың 22,6 пайызын қамтиды. Сонымен қатар мектептер жанындағы 5 шағын орталық пен қосымша білім беру оқу-әдістемелік орындары да бүлдіршіндерді қабылдауда. Жекеменшік балабақшаларға мыңға тарта балалар тартылған. Үстіміздегі жылы қалада 8 жекеменшік балабақша іске қосылды. Облыс орталығының Сырдария шағынауданында 320 орындық, Әл-Фараби, Торайғыров көшелерінде 140 орындық балабақша құрылыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум