07:39, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Қызылордада «Балаға мейірімді қала» жобасы аясында биыл 30 ойын алаңы салынады
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру аясында қала көлемінде көптеген игі істер атқарылуда.

Соңғы төрт жылдың ішінде қала аумағында балаларға арналған 87 ойын және спорт алаңдары бой көтерді. Оның 16-сы жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен салынды. Осы жұмыстарды жалғастыру үшін үстіміздегі жылы 215 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Пайдалануға берілген 44 ойын алаңының 9-ы қалаға қарасты ауылдық округтерде орналастырылған. Биыл осындай тағы 30 алаң салынады деп күтілуде. Осы жұмыстарды атқару арқылы қала бойынша 189 алаңның 117-сіне спорт алаңдары орналастырылатын болады.