Қызылордада баскетболдан «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының дәстүрлі турнирі болды

Жеті күнге созылған жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау облысы, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және аудандардан қыздар мен ұлдардан құралған 20 команда, 200-ге жуық оқушылар қатысты. Осымен он төртінші мәрте өткізіліп отырған турнирдің мақсаты қала және облыс оқушыларын бұқаралық дене шынықтыру және спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, халықаралық қатынастарды дамыту болды.
Жарыстың қорытындысы ұлдар арасында бірінші орынды Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған орта мектеп командасы бірінші орынды жеңіп алды. Келесі орындарды Байқоңырдағы Халықаралық ғарышкерлер мектебі, Ақтөбе облысындағы Хромтау және Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының құрамалары өзара бөлісті. Қыздар арасында да №2 «Мұрагер» орта мектебінің ұжымы үздік шықты.