20:33, 12 Қараша 2012 | GMT +5
Қызылордада белсенді аула клубтарының конкурсы болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Ең белсенді аула клубы» облыстық байқауы болып өтті. Бұл сайысқа облыс орталығы аудандарынан барлығы 7 аула клубы қатысты. Олар қазіргі заман биі, патриоттық ән байқауы, әдістемелік-нұсқаулық көрме, сурет салу, шахмат және дойбыдан күш сынасты.
Конкурсқа қатысушылар «Облыстағы ең белсенді аула клубы», «Балалардың ең таңдаулы аула клубы», «Ең үздік шығармашылық аула клубы», «Ең үздік аула клуб үйлестірушісі» аталымдарын жеңіп алу жолында жарысты.
Сайыс соңында ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар мен байқау жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен марапаттады.