Қызылордада бей-берекет орналасқан сауда нысандары ретке келтіріліп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бей-берекет орналасқан сауда нысандарын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазір қалалық әкімдік тарапынан ашық сауда орындарын жабық базарларға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Базарлардың бей-берекет орналасуы, сауда орталықтарында автотұрақтардың болмауы қаланың санитарлық тазалығы мен тұрғындар қауіпсіздігіне залалын тигізуде.

Ұйымдастырылған рейд және берілген тапсырмалардың нәтижесінде «Талғат», «Сұлтан» базарларында автотұрақтар ашылып, барлық базарларда ай сайын санитарлық тазалық күндері ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар