14:37, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Қызылордада бірқатар көшелер есімі елге белгілі азаматтардың атымен аталатын болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы бірқатар көшелер есімі елге белгілі азаматтардың атымен аталатын болды. Осы мақсатта Қызылорда облысы әкімдігінің арнайы шешімі шықты.

Бұдан былай Береке көшесі Мерғали Ибраев, Жалағаш көшесі Оралхан Камардинов, Проектная көшесі Алексей Донской, Сәулет-9 көшесі Абайділдә Дәулетбаев, Сәулет-27 көшесі Шәдібай Абдуллаев, «Саяхат-2» көшесі Әнес Өтегенов, «Саяхат-4» көшесі Абылай Айдосов есімімен қайта аталады. Ал Қызылорда қаласының «Арай» мөлтек ауданындағы Оралбек Әбдімомынов көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көшеге Ұзақ Оралбай есімі беріледі. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелді.