16:27, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Қызылордада «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты жастар акциясы ұйымдастырылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және облыстық жастар орталығы «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты жастар акциясы мен қазіргі заманғы би байқауын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шара барысында бірыңғай үлгіде киінген жастар демалып жүргендердің қолындағы темекілерін кәмпиттерге айырбастап, нашақорлықтың зиянды екендігін түсіндіруге бағытталған парақшалар таратты. Облыстық ішкі істер департаменті жанындағы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің мамандары иісшіл иттердің есірткіні тауып алу сәтін көрсетті. Акция соңы қазіргі заманғы би сайысымен жалғасты. Ұйымдастырушылардан құрылған қазылар алқасының шешімі бойынша «Mega Stіle» би тобы жүлделі орынды иеленді.