19:35, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Қызылордада болған өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында 15 сағат 10 минутта басталған өрт 42 минуттың ішінде толық сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған өрт оқиғасында баспананың 10х5 м. төбе жабуы жанған. Өрт салдарынан сол үйдің тұрғыны 2006 жылы туған Гауһар Смағұл көмір қышқыл газымен уланып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.
Өрт 15 сағат 52 минутта толық сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің жедел тобынан 2 адам,1 бірлік техника және «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен 10 қызметкер, 2 бірлік техникасы, жедел дәрігерлік жәрдем беру тобынан 3 адам, 1 бірлік техникасы барды.