Қызылордада бұзақылар демалыс саябағын қиратып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада түн ішінде белгісіз біреулер пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған қалалық саябақты тас-талқан етіп қиратып кетті.
None
None

Бұзақылар 21 электр бағанын, 63 шамды сындырып, отырғыштарды қиратқан, гүл салғыштарды сыпырып тастаған. Полицейлер әзірге мұны жасаған бұзақыларды таба алмай жатыр. «Көпшіліктің игілігі үшін жасалған жақсы дүниені бағаламаған бұзақылар табылып, жазаларын алатыны анық. Тек соншама күш салынып, жасалған дүниені жоқ қылғандары өкінішті», - деді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Сейдалы Егембергенов.

Айта кетейік, қала тұрғындарына арналған саябақ құрылысына бюджеттен бірнеше миллион теңге жұмсалған болатын. Алдағы уақытта мұндай бұзақылықтардың орын алуына жол бермеу үшін бейнебақылау камераларының жүйесін дамытып, олардың санын көбейтіп, сапасын жетілдіру қолға алынатын болды.

Соңғы жаңалықтар