Қызылордада Елбасы Жолдауын талқылауға арналған идеологиялық актив жиналысы болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Наурыздың 11-інде Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында облыс активінің жиыны болып өтті. Онда облыс әкімі Болатбек Қуандықов баяндама жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Әр жылдан ерекше үміт күтетін Қазақстан халқы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 6 наурызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан ? дамуға» атты Жолдауын жария етті, ? деп бастады сөзін Болатбек Баянұлы. ? Елбасы бүкіл халқымыз асыға күткен осы тарихи құжатта елімізде дағдарысты еңсеріп, жаңғырудың жаңа жолына түсудің жобаларын көрсетіп берді. Бүкіл әлемде қалыптасып отырған экономикалық дағдарысқа, оның елімізге тигізіп отырған әсеріне тоқталып, соған байланысты мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтты.Баяндамашы бұдан әрі Қазақстан дағдарысқа жедел ден қойып, алдын алу шараларын іске асыруға шұғыл кіріскен дүние жүзіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі болғанына тоқталды. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Үкімет 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Оның негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, бұрынғы дағдарыстық дамудың тұрақтылығына жағдай жасау болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін, сондай-ақ бұрынғы қабылданған тұрақты шараларға қосымша Үкімет Елбасының тапсырмаларына сәйкес аймақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыруға байланысты 7 бағыт белгіледі. Облыста осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Аймақ бойынша бюджет бекітіліп, қаржы көлемі нақтыланып, Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкестендірілуі қажет.Облыс әкімі бұдан кейін атқарылатын міндеттерді саралай отырып, жаңадан ашылатын жұмыс орындары жөнінде әңгімеледі. 2009 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеуге жергілікті бюджеттерден бөлінген 1,0 млрд. теңге 6,7 млрд.-қа жеткізілуі тиіс. Сол кезде 4,0 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылады. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге байланысты 2009 жылғы қабылданған бюджетте 11 мектепке, 9 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу қаралған. Қазіргі кезде апаттық жағдайда тұрған 30-дан астам мектептің 18-інің құрылысын аяқтау керек. 15 мектеп, 12 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстарды атқару үшін 9 млрд. теңге қаралуы тиіс. Бұл жағдайда 2000-дай жұмыс орны ашылатын болады. Облыста жалпы 400 шақырым жолдарға жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде де 2000-дай жұмыс орындары ашылады.Мемлекет жалақының 50 пайызын төлеп, қалған 50 пайызын жұмыс беруші компаниялар төлейтін 300-дей әлеуметтік жұмыс орындарын ашу көзделген. Жастар тәжірибесіне байланысты мемлекет түлектерге 6 ай бойы 100 пайыз жалақы төлейтін 95 түлекті еңбекке орналастыру қарастырылды. Оларды қосымша қаржыландыру үшін 450 млн. теңге қаралуы керек. Нәтижесінде көзделген меженің көлемі бірнеше есеге көбейіп, жұмыс орындарының саны 9,5 мыңға артады.Облыс әкімі баяндамасында кәсіпорындарда жаппай қысқартулар бола қалған жағдайда азаматтардың жұмыссыз қалмауы үшін аймақта жұмысқа орналастыру сценарийі әзірленіп, қабылданғанын айтты. Облыс әкімі стратегияның тетіктерін жүзеге асыру, аймақтағы тауар өндірушілерді қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, аудандарда табиғи климаттық жағдайына сәйкес мамандандыру мәселелеріне кеңінен тоқталғаннан кейін Қызылорда қаласының халқын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету жайын баяндады. Сол үшін азық-түлік белдеуін облыс орталығынан 80 шақырым радиуста орналасқан 39 елді мекендер арқылы жүргізу белгіленді. Бұл мақсатта 6 ірі жоба жүзеге асырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум