Қызылордада елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бағытында 14 жоба қолға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бағытында 14 жоба қолға алынып, сол бойынша қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.
None
None

Қызылорда қаласында осындай жұ­мыстарға республикалық бюд­жеттен 2567,2 млн. теңге бөлінді. Мұнан бөлек, «Жол картасы» бойынша 52,9 млн. теңге бөлініп, оған қазірдің өзінде 3,5 шақырым ауызсу құбыры тартылды. Шет аймақ бағдарламасына орай қаланың КБИ ауданы мен Май­лин көшесінің бойынан 8,35 шақырым ауызсу жүйесі салыну­да. Бұл нысандар жа­қын күндері толық аяқталып, пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ, үстіміз­дегі жылы қалада республикалық бюджет қаржысы есебінен 29,6 шақырым кәріз жүйесі қайта жаңғыртылуы керек болса, бүгінгі күнге дейін 18,5 шақырымы толық аяқталды. Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ететін 18,37 шақырым су құбырының 15 шақырымы да бітті.

Соңғы жаңалықтар