Қызылордада ең үлкен жеті шелпек пісірілді
Көктем күнінің алабұртып мінез танытқанына қарамастан Сыр жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды бастап та кетті. Әрбір аймақта мерекеге байланысты түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған көпшілік болып атсалысудан. Соның бірі - Жаңаталап ауылында өтті.
Әдеттегідей наурыздың салтанатын бастаған жарапазаншылар тобы ауыл ортасындағы бас алаңға жеткенше жол бойына жар салып, халықты тойға шақырды. Шара барысында ауыл тұрғындары сайысқа түсіп, ең үлкен күлше мен ең дәмді наурыз көже пісіріп, қазақы салт-дәстүрлерден көрініс, бұрымды қыз, бата беру сайыстарында бақ сынады.
Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, диаметрі 1 метрге жететін ең үлкен күлше халыққа таратылды. Қорытындысында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.