Қызылордада “Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің орны” атты халықаралық конференция өткізілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Конференция жұмысына еліміздің және алыс-жақын шет елдердің (Ресей Федерациясы, Италия, Түркия Республикасы) белгілі жоғары оқу орындарынан келген тарихшылар, археологтар, этнологтар, этно-археологтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, аралас пән өкілдері, далалық Еуразия және Арал-Сырдария өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеуші мамандар, ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкерлері қатысты.
Секциялық отырыстарда «Арал -Сырдария өңірін мекендеген халықтардың археологиясы мен этнологиясын зерттеу мәселелері», «Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдес халықтар мәдениеті, олардың жазба ескерткіштері, өнері, фольклоры, музыкасы», «Ұлы Жібек жолы: тарихи сабақтастық және архитектуралық ескерткіштерді зерттеудің өзектілігі» және басқа тақырыптарды қамтыған бірнеше баяндамалар тыңдалды