Қызылордада грек-рим күресінен өткен республикалық турнир мәресіне жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық ашық турнир аяқталды, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Биыл тоғызыншы мәрте жалауын көтерген жарыс 11 салмақ дәрежесінде өтті. Аталған турнирден Қызылорда облысының спортшылары 15 жүлдені иеленді. Оның 3-уі алтын, 5-уі күміс, 7-уі қола медаль.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Екі күнге жалғасқан жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар: 29 келі салмақта: Дәулет Әшірхан (Жамбыл облысы), 32 келі салмақта: Диас Сайлауов (Ақтөбе облысы), 35 келі салмақта: Әбдіғали Қалқаметов (Жамбыл облысы), 38 келі салмақта: Бердібек Құттыбаев (Қазалы ауданы), 42 келі салмақта: Ақтан Тәңірберген (Қазалы ауданы), 47 келі салмақта: Марлен Нұрбекулу (Қырғызстан), 53 келі салмақта: Марат Керимбеков (Қырғызстан), 59 келі салмақта: Ақжол Махмудов (Қырғызстан), 66 келі салмақта: Талас Қанжарбекулу (Қырғызстан), 73 келі салмақта: Еламан Аюп (Қазалы ауданы), 85 келі салмақта: Дәулет Досыбаев (ОҚО).

Соңғы жаңалықтар