13:56, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Қызылордада «Ғылым мен инновация - 2012» атты жобалар көрмесі болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде көпшілік назарына инновациялық ғылыми жобалар көрмесі ұсынылды.

Іргелі оқу орнының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ғылым мен инновация-2012" атты бұл көрмеде төрт бағыт бойынша ғылыми жобалар қамтылды. Оған барлығы 41 ғылыми жұмыс қатыстырылды.