Қызылордада қала көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бөлінген қаржыға қаладағы 33 көше, яғни 38263 шақырым жол жөнделуге тиіс. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің орамішілік жолдары мен тротуарларын жөндеу ісі қолға алынды. Қазіргі таңда мамандардың айтуынша, 15 көшенің жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық қаражат есебінен «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы кіріс жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдары, автокөлік тұрақтарын жөндеуден өткізу үшін 202,7 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп,12,5 шақырымға жөндеу жұмыстары жүруде. Мердігер мекеме «ТехсервисҚызылорда» ЖШС алдағы қыркүйек айында өз міндетін аяқтамақшы. Сонымен қатар, 397 млн. теңгеге «Ақмешіт», «Мерей», «Южный» шағын ауданы мен Төле би, Өсербаев көшелері аумағындағы көпқабатты үйлердің квартал ішіндегі жолдарын, бордюрлерін салу қаралған. Жылда жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары тыс қалып қоятын. Биылғы жылы 117,6 млн. теңгеге Қорқыт ата, Байтұрсынов, Бөкейхан көшелерінің тротуарлары жөнделетін болады.