Қызылордада «Қазақстан мен Ресей - мәңгіге бірге» атты кеш болып өтті

ЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы теміржолшылар клубында «Қазақстан мен Ресей - мәңгіге бірге» атты кеш болып өтті. Оны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы ұйымдастырды.
None
None

Бұл этномәдени бірлестік осымен қатарынан алтыншы жыл аталмыш тақырыптағы кешті өткізіп отыр. Ал биылғы жылғы шараның жөні бөлек. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Осыған орай оған қатысушылардың ұлттық киімдері де өзгеше болды. Онда биленген би мен шырқалған әннің де ерекшелігі бірден көзге ұрды. Себебі, кешке Сыр өңірінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың барлығының өкілдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жұрттың бәрін тәнті еткен фестиваль ұлы Абай мен Пушкиннің тілдерінде жүргізілді. Екі сағатқа созылған концерттік бағдарлама конфетти отшашуымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар